Күн сайын 20 минут оқу

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Қына модельді кітапханасында «Күн сайын 20 минут оқу» атты акция ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарды күнделікті кітап оқуға ынталандыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, бос уақытты тиімді өткізуге баулу және кітапқа деген қызығушылықты арттыру.

Акция барысында кітапхана оқырмандарына күауылдықн сайын кемінде 20 минутты кітап оқуға арнаудың маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар өздерінің қызығушылықтарына сай көркем әдебиеттерді, ертегілерді, танымдық және тарихи кітаптарды таңдап оқыды. Кітапханашы кітап таңдауға бағыт-бағдар беріп, тұрақты оқудың адам ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайтатыны және рухани дамуға ықпал ететіні туралы ақпаратпен бөлісті.

Шараға әртүрлі жастағы оқырмандар қатысып, кітап оқудың өз әсерлері мен пікірлерін ортаға салды. Акция аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқуға ұсынылатын әдебиеттер таныстырылды.

Іс-шара өз мақсатына жетіп, қатысушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, күнделікті оқу дағдысын қалыптастыруға оң ықпал етті.

 

30.07.2026
Қараулар: 20