Елдің тазалығы – сенен басталады

Наумов ауылдық кітапханасы Эколог күніне орай мектеп жанындағы лагерьдің балаларына арналған «Елдің тазалығы – сенен басталады» атты экологиялық әңгіме өткізді.

Кітапханашы балаларға эколог мамандығы туралы, олардың немен айналысатыны және бұл мамандықтың не себепті маңызды екені жайлы айтып берді. Әңгіме барысында балалар табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау қажеттігі және әр адамның күнделікті қарапайым әрекеттері бүкіл планетаның жағдайына қалай әсер ететіні туралы білді.

Іс-шара соңында әр бала өз пікірін айтып, қоршаған ортаны қорғау үшін өзі не істей алатынын бөлісті. Балалар ауладағы қоқысты жинау, ағаштарды сындырмау, суды үнемдеу және пластик бөтелкелерді табиғатқа тастамау сияқты ұсыныстар айтты.

15.07.2025
Қараулар: 92