«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Қына ауылдық модельді кітапханасында «Таза ауада кітап оқимыз» атты жазғы оқу залы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жазғы демалыс уақытында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын пайдалы өткізуге ықпал ету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапты кеңінен насихаттау болды.
Жоба жалпы қоғамда тұрақты кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған. Жазғы оқу залы кітапхана ауласында ашық аспан астында өтті.
Оқырмандарға қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармалары, балаларға арналған ертегілер, танымдық және көркем әдебиеттер ұсынылды.
Қатысушылар өздеріне ұнаған кітаптарды оқып, оқыған шығармалары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, кітаптарға шолу жасалып, қызықты әдеби ойындар мен викториналар ұйымдастырылды.
Шара барысында балалар мен жасөспірімдер таза ауада кітап оқудың ерекше әсер сыйлайтынын айтып, белсенділік танытты. Жазғы оқу залы кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайтып, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, кітап оқуды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға шақырылды.
Осындай жазғы оқу алаңдары жас ұрпақтың рухани дамуына, білім көкжиегінің кеңеюіне және кітапқа деген сүйіспеншілігінің артуына өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Қараулар: 30