Эколог күні

Қазақстанда 5 маусым – қоршаған ортаны қорғауға өз өмірін арнаған мамандардың кәсіби мерекесі – Эколог күні ретінде аталып өтеді. Экология тақырыбы еліміздің тұрақты даму стратегиясында маңызды орын алады.

Президенттің бастамасымен өткен жылы бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы бүгінде ауқымды экологиялық қозғалысқа айналды. Аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу, өзен-көлдерді қоқыстан тазарту – мұның бәрі табиғатқа ұқыпты және жауапты көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Эколог күні аясында Ақкөл қаласындағы АТК-10 тобының студенттерімен Абай атындағы аудандық кітапханада «Экоақыл – ортақ іс» атты экологиялық сағат өткізілді.

Экологияға қамқорлық тек мамандардан емес, әрқайсымыздан басталады. Табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз.

 

15.07.2025
Қараулар: 102