Абай атындағы аудандық кітапханада 55209 әскери бөлімінің сарбаздарына арналған «Абылай хан дәуірі: бірлікке бастаған он жыл» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Абылай ханның өмір жолы мен мемлекеттік қызметі, ел бірлігін сақтаудағы көреген саясаты және қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы тарихи рөлі туралы мазмұнды баяндама оқылды. Қатысушылар ұлы ханның өмірі мен қызметіне қатысты тарихи деректермен, мұрағаттық мәліметтермен және қызықты мағлұматтармен танысты.
Кездесу аясында сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылып, сарбаздар Қазақстан тарихына қатысты білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты.
Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері тарихи тұлғалардың мұрасын насихаттау – жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі мен ұлттық санасын қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Қатысушыларға алғыс білдіріліп, Абылай ханның өмірі мен дәуіріне арналған кітап көрмесі мен әдебиеттер таныстырылды.
Қараулар: 39


