Қына ауылының модельдік кітапханасында көрнекті қазақстандық опера әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ғасырдың өнер жолы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оның шығармашылық жолы, сахналық қызметі және қазақ опера өнерінің дамуына қосқан үлесі туралы кітаптар, өмірбаяндық материалдар мен фотосуреттер ұсынылды.
Көрме барысында кітапханашы оқырмандарды өнер иесінің өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты деректермен таныстырып, оның жетістіктері мен Қазақстан мәдениетіндегі орны туралы әңгімеледі. Қатысушылар Ермек Серкебаевтың орындауындағы әндер мен опера арияларын тыңдап, оның ерекше дауысымен жоғары орындаушылық шеберлігіне тәнті болды.


23.07.2026
Қараулар: 37
Қараулар: 37