«Мәңгі өлмес атың сенің, Абай»

Урюпин үлгілі ауылдық кітапханасы ауылдық Мәдениет үйімен бірлесіп «Мәңгі өлмес атың сенің, Абай» атты арнау кеші өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерімен танысты. Ақынның жүрекке жететін өлеңдері мен әндері шырқалып, оқырмандар оның әйгілі еңбегі – «Қара сөздерінен» үзінділер оқыды. Кеште Абайдың философиялық мұрасы мен қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Іс-шараның соңында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы фильм көрсетіліп, Абайдың ұлылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берілді.

 

14.08.2025
Қараулар: 115