22 шілдеде Балалар үлгілі кітапханасында «Diabetes Academy KZ» жеке қоры ұйымдастырған «ДИА АМАНАТ» инклюзивті шеберханасы өтті.
Іс-шараға «Енсеру» клубының мүшелері және ерекше қажеттіліктері бар басқа да жастар қатысты.
Шеберлік сабағында қатысушылар тігін өнерінің негіздерімен танысып, өз қолдарымен әшекей бұйымдарын жасауды үйренді. Шығармашылыққа толы жылы атмосфера әр қатысушының жаңа дағдыларды меңгеріп, өз қабілетін көрсетуіне мүмкіндік берді.
Іс-шараның өтуіне кітапхана қызметкерлері белсенді атсалысты. Олар еріктілер ретінде ұйымдастырушыларға қолдау көрсетіп, қатысушыларды шақыру жұмыстарын жүргізді, жастарды қарсы алып, шеберлік сабағы барысында бағыт-бағдар беріп, жан-жақты көмек көрсетті.
Осындай игі бастама арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзара қарым-қатынас орнатуына және қоғамға бейімделуіне мүмкіндік жасаған «Diabetes Academy KZ» жеке қорына шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлескен жұмыстарымыз алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
Қараулар: 36

