Жаңа кітап – жаңа ашылу

Балалар үлгілі кітапханасында «Жаңа кітап – жаңа ашылу» атты жаңа келіп түскен әдебиеттердің таныстырылымы өтті.

Шара барысында оқырмандарымыз:

Көркем әдебиеттің сан алуан жанрларымен танысты;

Өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, алғашқы беттерін парақтап үлгерді; Кітапханашылардың ұсыныстарымен қызықты әдебиеттерге шолу жасады.

Кітап – білім бұлағы. Жаңа кітап – жаңа ойлар мен жаңа бағыттардың бастамасы. Осы күннен бастап, аталмыш кітаптар қорымыздың толық мүшесі болды.

 

24.07.2026
Қараулар: 4