Абай атындағы аудандық кітапханада көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі Латиф Хамидидің 120 жылдық мерейтойына орай «Ән мен саздың ұлы сазы» атты музыка сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Латиф Хамидидің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылып, қазақ музыка өнерінің дамуына қосқан зор үлесі туралы айтылды. Композитордың кеңінен танымал әндері мен шығармаларына тоқталып, олардың ұлттық мәдениетіміздегі орны мен маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар кітап көрмесіне шолу жасалып, тақырыпқа байланысты қызықты мәліметтер ұсынылды. Музыка сағаты қатысушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық музыка мұрасын насихаттауға ықпал етті.

24.07.2026
Қараулар: 26
Қараулар: 26