18 қазан күні Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтеді

Осыған орай аудандық кітапхана ішкі саясат бөлімімен бірлесіп «Бейбітшілік пен келісім – Тәуелсіз Қазақстанның таңдауы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға діни бірлестіктердің өкілдері, Ақкөл ауданының дін істеріне жетекшілік ететін Б. К. Асылбеков, теолог М. Ғаббас, сондай-ақ Ақкөл қалалық агротехникалық колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында Айжан Кенжебайқызы Мананбаева діни бірлестіктердің құрылуы туралы баяндаса, аудандық мешіттің имамы Дулат Кенжебайұлы Ысқақов мешіт жұмысының бағыттары мен қызметі жайлы әңгімеледі.
Рухани келісім күні — бұл жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий жариялау, татуласу, мейірімділік пен көршісіне көмек көрсету күні. Бұл игі дәстүр Қазақстанда 1992 жылдан бастап атап өтіледі. Аталмыш бастама түрлі дін өкілдері, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлердің қатысуымен сол кездегі астана — Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресінің бірінші сессиясында қабылданған болатын.
Кездесу соңында діни бірлестіктердің өкілдеріне естелік сыйлықтар табысталды.

10.11.2025
Қараулар: 50