Балалар үлгілі кітапханасында белсенді оқырмандардың қатысуымен «Жаз кілті – оқиғалар жалғасуда» тақырыбында әдеби-танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар жазғы демалысты тиімді өткізу, кітап оқудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, қызықты шығармалар туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, танымдық викторинаға қатысып, логикалық тапсырмалар орындап, түрлі ойындар арқылы белсенділік танытты.
Кітап көрмесіне шолу жасалып, жаз мезгілінде оқуға ұсынылатын қызықты әдебиеттер таныстырылды. Кездесу соңында белсенді оқырмандар мағыналы уақыт өткізіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

05.08.2026
Қараулар: 21
Қараулар: 21