Абай тағылымы – мәңгілік мұра

Ақкөл орман шаруашылығы кітапханада Абай күніне орай «Абай тағылымы – мәңгілік мұра» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқырмандарға Абайдың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, кітап көрмесіне шолу жасалды. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылып, тағылымды ойлары талқыланды. Абайдың рухани мұрасы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызы атап өтілді.

 

10.08.2026
Қараулар: 19