Табиғат тағдыры – адам тағдыры

Балалар үлгілі кітапханасы «Еңсеру» клубының мүшелерімен табиғат аясында «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» атты экологиялық саяхат өткізді.

Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және экологиялық мәдениетті насихаттау.

Саяхат барысында қатысушылар табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесіп, қызықты экологиялық тапсырмалар мен танымдық ойындарға қатысты. Сонымен қатар, қоршаған ортаны таза ұстау, ағаштар мен өсімдіктерді қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау туралы өз ойларымен бөлісті.

 

04.08.2026
Қараулар: 23