Амангелді ауылдық кітапханасында Абай күні аталып өтілді

Оқырмандар арасында көркемсөз оқу сағаты өткізілді.

Абай – қазақтың рухани әлемін байытқан кемеңгер тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздері адамды білімге, еңбекке, әділдікке, адамгершілікке үндейді. Ұлы ақынның шығармалары ғасырлар өтсе де өз құндылығын жоғалтқан жоқ.

Абайдың мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы. Оның әрбір өлеңі мен қара сөзі бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін өмір мектебі. Ұлы ақынның шығармаларын оқып, өнеге алып, оның аманатына адал болу – әрқайсымыздың парызымыз.

10.08.2026
Қараулар: 17