Табиғатты қорғау – әр адамның азаматтық борышы. Осы мақсатта кітапханада «Қызыл кітаптың құпиясы» тақырыбында экологиялық сабақ ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы қызықты мәліметтермен танысты. Табиғатты аялаудың маңызы, биоалуантүрлілікті сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау жөнінде пікір алмасты.
Танымдық тапсырмалар мен сұрақ-жауап арқылы оқушылар экологиялық білімдерін толықтырып, табиғатты қорғаудың маңызын тереңірек түсінді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

06.08.2026
Қараулар: 19
Қараулар: 19