8 тамыз күні Ақкөл қаласының орталық алаңында ұлы қазақ ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралар кең көлемде аталып өтті.
Аудандық кітапхана ұжымы ашық аспан астында әдеби алаң ұйымдастырып, "Абай – мәңгілік тұлға" атты ашық микрофон шарасын өткізді. Бұл шара мерекенің көрігін қыздырып, ерекше әсер сыйлады.
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына Абай шығармашылығына арналған арнайы инсталляция ұсынылып, кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұлы ақынның таңдаулы еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында кез келген адам Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді оқып, ақынның терең ойы мен мәңгілік мұрасына деген құрметін білдіруге мүмкіндік алды.
Бұл мерекелік жиын – Абайдың өлмес мұрасына деген халықтың шексіз ілтипаты мен рухани байлығымызға деген зор құрметтің айқын көрінісі болды.

Қараулар: 115