1 тамыз күні Ұлы қазақ ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай атындағы Әдебиет орталығында аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерімен бірлесіп, қала жастарына арналған «Абай – мәңгілік мұра» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Іс-шара аясында Абай туралы деректі фильм көрсетіліп, жас қатысушылар ұлы ақынның өлеңдерін оқыды. Музыкалық нөмірмен Бауржан Дәулет өнер көрсетті.
Кеш соңында кітапханашы Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасына шолу жасап, оның шығармашылығының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.

14.08.2025
Қараулар: 113
Қараулар: 113