Балалар үлгілі кітапханасында №3 мектептің 1-4 сынып оқушыларымен «Табиғатты аялау – ортақ парыз!» атты танымдық экологиялық сағат өтті .
Кездесу барысында кітапханашылар балаларға табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы қызықты мәліметтер айтып, экологиялық викториналар ұйымдастырды.
Оқушылар табиғатты қалай қорғау керектігі жайлы өз ойларын ортаға салып, белсенді қатысты.
Балалар «Табиғатты аялайық!» атты кітап көрмесімен танысып, қоршаған ортаны таза ұстауға уәде берді.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз! Оны бірге қорғайық!

21.07.2026
Қараулар: 36
Қараулар: 36