Ғабдол Сланов-сөз зергері

Қына ауылының модельдік кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы, журналист әрі аудармашысы Ғабдол Слановтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Ғабдол Сланов-сөз зергері»әдеби кеш пен поэзиялық оқу өтті.

Кітапханашы қатысушыларды қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оның қазақ әдебиеті, журналистикасы және көркем аударма саласына қосқан үлесі туралы баяндады. Қатысушылар жазушы шығармаларынан үзінділер оқып, олардың мазмұны мен маңызын талқылады.

Іс-шара соңында жазушының шығармалары мен өмірі туралы материалдар қойылған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шара қазақ әдебиетін насихаттауға және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

 

27.07.2026
Қараулар: 30