Жаңа оқу жылының қарсаңында, Балалар үлгілі кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Еліміздің басты заңы» атты танымдық сағат өтті. Танымдық сағат Ақмола облыстық «Ақ жол» демократиялық партиясының филиалымен және Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты И.В. Андрющенконың қолдауымен ұйымдастырылды.
Балалар Конституция туралы фильм көріп, өз құқықтары мен міндеттерімен ертегі түрінде танысты. Сонымен қатар еліміздің басты заңы жайлы кітап көрмесі де ұйымдастырылды.
Балаларға мерекелік дастархан жайылып, аудандық мәслихат депутаты И. Андрющенко сыйлықтар табыс етілді.
Танымдық сағат балаларға қуаныш сыйлап, жаңа білім мен әсерлі сәттерге толы болды.

03.09.2025
Қараулар: 326
Қараулар: 326