«Мейірімділік шуағы»

Балалар модельді кітапханасы балабақшада «Қазақтың асыл мұрасы» атты әдеби кеш өткізді. Балалар Абайдың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Ақынның адамгершілік пен мейірімділік туралы ойларына негізделген «Мейірімділік шуағы» атты интерактивті ойынға қатысты.

Сондай-ақ, балалар Абайдың өлеңдерін «Big Dream» бағдарламасы арқылы аудиоформатта тыңдап, өздері де оның шығармаларынан үзінділер оқыды. Абайға арналған кітаптар мен суреттерден тұратын шағын көрмені де қызығушылықпен тамашалады.

Іс-шара мейірімділікке, шынайы күлкі мен қазақ мәдениетінің ұлы мұрасына деген ықыласқа толы болды.

 

14.08.2025
Қараулар: 112