Ақкөл орман шаруашылығы ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандарға Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғарышты бағындырған дала перзенті – Тоқтар Әубәкіров: ғарыш аңызы» атты тақырыптық сағат өткізді.
Іс-шара барысында оқырмандар Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы мен еңбек жолымен, оның ғарыш саласының дамуына қосқан зор үлесімен танысты. Сонымен қатар ұйымдастырылған кітап көрмесі арқылы қатысушылар батыр ғарышкердің өмірбаяны, кәсіби қызметі және ғарышқа жасаған тарихи сапары туралы мол мағлұмат алды.

24.07.2026
Қараулар: 6
Қараулар: 6