Урюпин модельді ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы композиторы, ақыны Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына арналған музыка кеші өтті

Урюпин модельді ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы композиторы, ақыны Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына арналған музыка кеші өтті.
Іс-шараға қатысушылар Ш.Қалдаяқовтың бай музыкалық мұрасымен танысып, «Ана туралы жыр», «Қайықта», «Менің Қазақстаным» және басқа да атақты әуендерін тыңдады.
Сонымен қатар, композитордың өмірбаянымен танысып, ақынның өмірінен қызықты деректер білді.
Композитордың есімі оның ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын мәңгілік әндерінде сақталады.

 

15.08.2025
Қараулар: 97