Балалар үлгілі кітапханасында №2 жалпы орта білім беретін мектептің жанындағы жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Бағдаршамның сырлы әлемі» атты танымдық-ойын бағдарламасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін кеңейтіп, жолда өзін қауіпсіз ұстау мәдениетін қалыптастыру.
Бағдарлама барысында қатысушылар қызықты викториналық сұрақтарға жауап беріп, жол белгілерін ажырату бойынша тапсырмалар орындады, бағдаршамның түстеріне байланысты сергіту ойындарына қатысып, командалық сайыстарда өздерінің ептілігі мен тапқырлығын көрсетті. Әсіресе, жол белгілері бейнеленген карточкалар арқылы өткізілген ойындар балалардың ерекше қызығушылығын тудырып, олардың білімдерін бекіте түсуге мүмкіндік берді.
Көңілді әрі мазмұнды өткен шара соңында балалар жолда жүру ережелерін сақтау – өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қорғаудың маңызды кепілі екенін түсінді.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы Балалар үлгілі кітапханасы жас оқырмандардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосуды жалғастыруда.
Қараулар: 22

