«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Наумов ауылдық модельді кітапханасында оқырмандарға арналған «Таза планетаға 10 қадам» атты тақырыптық кітап-көрме–кеңес ұйымдастырылды.
Көрмеде қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейтін кітаптар мен ақпараттық материалдар ұсынылды.
Оқырмандарға табиғатты қорғауға бағытталған пайдалы кеңестер мен экологиялық әдеттер таныстырылды:
«Қалдықтарды сұрыпта!»;
«Ағаш отырғыз!»;
«Экологиялық көлікті таңда!»;
«Энергияны үнемде!»;
«Пластиктен бас тарт!»;
«Суды үнемде!» және тағы басқа.


23.07.2026
Қараулар: 36
Қараулар: 36