Азат ауылының кітапханасында «Құқықтық сауаттылық күні» өткізілді». Іс-шараның мақсаты: құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, қатысушыларға құқықтық жүйеде жақсы бейімделуге және заңгерлік өзін-өзі қорғау дағдыларын дамытуға көмектесу. Іс-шарада құқықтар мен міндеттер, адам мен қоғамның өзара қарым-қатынасы, жеке қол сұғылмаушылық, өмір мен бостандық құқығы, медициналық қызмет көрсету құқығы, отбасы және білім алу құқығы мәселелері талқыланды.

«Парасат жолы» жобасы аясында Новорыбин ауылдық кітапханасының кітапханашысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қауіп» атты іс-шараға қатысып, азаматтардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарасын қалыптастыруға үлес қосты. Іс-шара барысында қатысушылар адалдық, жауапкершілік және заң нормаларын сақтау мәселелерін белсенді түрде талқылады және өз пікірлерін білдірді.

Саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Азат ауылының кітапханашысы қуғын-сүргінге ұшыраған ата-ананың қызы В.Ю. Ковалёвамен кездесті. Әңгіме барысында отбасының басынан өткен қиын — қыстау жылдар туралы естеліктер айтылды. Кітапханашы саяси қуғын — сүргін жылдарында зардап шеккен жандардың рухына құрмет білдіріп, қолдау сөздерін жеткізді.
Осындай кездесулер тарихи жадымызды сақтауға, өткенге құрметпен қарауға және тарихтың қасіретті беттерін жас ұрпаққа жеткізуге көмектеседі.
Қына ауылдық модельді кітапханасында учаскелік полиция инспекторының қатысуымен «Құқықтық мәдениет – өркениет негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті. Кездесу барысында қатысушылар құқықтық сауаттылық, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелерін талқылады. Учаскелік инспектор жастар мен ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестер айтты. Іс-шара танымдық деңгейде өтіп, қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етті.
Абай атындағы аудандық кітапханада ұжыммен "Заң және қоғам: референдумның маңызы" ақпараттық сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – референдумның қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершіліктің маңызын кеңінен насихаттау болды.
Ақпараттық сағат барысында қатысушыларға референдумның мәні, оны өткізудің тәртібі мен құқықтық негіздері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сондай-ақ, Конституциялық өзгерістер мен толықтырулардың ел дамуына әсері талқыланып, әр азаматтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуы – мемлекет болашағына қосылған үлес екені атап өтілді.

Домбыралы ауылдық кітапханасында учаскелік инспектор А. Джанабаевның қатысуымен ақпараттық-профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараға Горький атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымы мен қызмет көрсетуші персоналы қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы кибер алаяқтық мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға статистикалық мәліметтер ұсынылып, интернеттегі кең таралған алаяқтық схемалар туралы жан-жақты түсіндірілді.
Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, интернет-алаяқтардан қорғану жолдары бойынша нақты жауаптар алды. Іс-шара іскерлік әрі мазмұнды жағдайда өтіп, қатысушылардың құқықтық сауаттылығы мен цифрлық қауіпсіздігін арттыруға ықпал етті.
Мақалың шыққан күні: 19.02.2026 09:41
LANG_ARTICLE_DATE_UPDATE 17.06.2026 16:36





