29 тамыз күні Аудандық Мәдениет үйінде еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің берік тұғырына айналған – Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шарада аудан әкімі Абдрахманов Б.Т. құттықтау сөз сөйлеп, Ата Заңның мемлекетіміздің дамуы мен демократиялық құндылықтарды нығайтудағы айрықша маңызын атап өтті.
Мерейлі мереке аясында мекеме мен кәсіпорындардың үздік қызметкерлері марапатталып, еңбектеріне лайықты құрмет көтолуынарсетілді. Кештің сәнін келтірген мерекелік концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар аудандық кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Конституция – кемел келешек кепілі» атты тақырыптық көрме мен бейнелеу өнері мектебінің «Арбат» көрмесі қонақтарға ерекше әсер қалдырды.
Қараулар: 101



