Абай – дана, Абай – дара тұлға

Еңбек ауылының үлгілі кітапханада қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа арналған «Абай – дана, Абай – дара тұлға» атты әдеби – сазды сағат өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы, оның әдеби мұрасы және шығармаларының халықтың рухани дамуы үшін маңызы туралы айтылды. Ақынның бүгінгі күнге дейін өзектілігін сақтайтын дана сөздері мен философиялық көзқарастарына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар үшін «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, оның өлеңдері мен "Қара сөздері" жинақтары ұсынылды.

Кітапханашы қатысушыларды Абайдың аса маңызды шығармаларымен таныстырып, олардың мазмұны мен негізгі идеялары туралы айтып берді.

 

10.08.2026
Қараулар: 20