«Қазақстан Конституциясы – уақыт арнасында»

Абай атындағы аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан Конституциясы – уақыт арнасында» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ақкөл қаласының 55209 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, Конституцияның тарихи қалыптасу кезеңдері жайлы бейнеролик көрсетілп, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы талқыланды. Қатысушылар ел Конституциясының мемлекетіміздің тұрақтылығы мен демократиялық қағидаттарын нығайтудағы рөліне тоқталды.

Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу түрінде өтті, қатысушылар өз ойларын білдіріп, Конституция – мемлекетіміздің негізгі тұғыры, ел дамуының берік кепілі екендігіне тоқталып, әрбір азаматтың Ата Заңды құрметтеу, оны сақтауға үлес қосу – басты парыз екендігін атап өтті.

Шара соңында сұрақ-жауап ойыны жүргізілді. Белсенді қатысушыларды шағын сыйлықтармен марапаттадық.

Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, Ата Заңды қастерлеуге және патриоттық сезімдерін нығайтуға ықпал етті.

 

03.09.2025
Қараулар: 111