Қан мен тер

Жалғызқарағай ауылдық кітапханасында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының жарық көргеніне 65 жыл толуына арналған әдеби этюд өтті. Іс-шара барысында қатысушылар көрнекті қазақ жазушысының өмірі мен шығармашылығымен танысып, шығарманың сюжетін, негізгі идеяларын және көркемдік ерекшеліктерін талқылады. Сонымен қатар трилогияда тарихи оқиғалардың, адам тағдыры мен адамгершілік құндылықтардың терең бейнеленуіне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында қатысушылар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қазақ әдебиетінің дамуына және ұлттық мәдени мұраны сақтауға қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.

 

29.08.2026
Қараулар: 31