Абай атындағы аудандық кітапхананың 105 жылдық мерейтойы

2025 жылы Абай атындағы аудандық кітапхана өзінің 105 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл — Ақкөл ауданы мәдениетінің тарихындағы маңызды белестердің бірі. Кітапхананың туған күніне арналған салтанатты шара Кітапханашылар күнімен орайластырылып өткізілді. Мерекелік іс-шараға құрметті қонақтар қатысты:

Ақкөл ауданының әкімі Әбдірахманов Біржан Тасболатұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Абаханов Сағандық Шәкірұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Мананбаева Айжан Кенжебайқызы, Ақкөл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Түменбаева Айкерім Мерекеқызы, Ақкөл аудандық мемлекеттік архивінің басшысы Жүсіпов Сүнғат Шаулиұлы.

Іс-шара барысында кітапхана саласының ардагерлеріне және Ақкөл орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлеріне, сондай-ақ аудандық кітапхананың белсенді оқырмандарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мерекелік кештің әсерлі өтуіне аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы ұсынған музыкалық нөмірлер ерекше сән берді.

Бұл мерейтой еңбексүйгіш кітапханашыларды ұлықтаумен қатар, кітаптың, оқудың және рухани мұраның маңызын тағы бір еске салған тағылымды шара болды.

https://cloud.mail.ru/stock/acutcv4xLzM1reaxxomgwebJ

19.11.2025
Қараулар: 95